Темірлан Рахатұлы Келдібаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған, сондай-ақ Барселонадағы Менеджмент жоғары мектебін бизнес әкімшілігі мамандығы бойынша MBA дәрежесіне ие.
2016 жылы – «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ Ұйымдастыру-бақылау департаментінің менеджері.
2017 жылы – Барселона қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының инвестициялар жөніндегі маманы.
2018-2019 жылдары – «Astana ӘКК» АҚ Активтерді басқару департаментінің менеджері.
2019 жылы – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ операциялық қызмет департаменті хатшылығының менеджері.
2019-2023 жылдары – «Астана» ӘКК» АҚ корпоративтік хатшы қызметінің басшысы, активтер және стратегия жөніндегі басқарушы директоры және Басқарма төрағасының орынбасары.
2023-2025 жылдары – «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары.
2025 жылдан бастап осы тағайындауға дейін – «Транстелеком» АҚ-да қызмет атқарды.
Ал Азат Қабдрашитов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған, Сингапур Ұлттық университетінің стратегия және аналитика мамандығы бойынша MBA дәрежесіне ие.
2014 жылы – Алматы қаласындағы KPMG Kazakhstan компаниясының энергетика саласы бойынша аудиторы.
2016–2018 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау өндірісі» АҚ-ның қаржы талдаушысы.
2018–2021 жылдары – Атырау қаласындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның аға қаржы талдаушысы.
2022 жылы – Сингапур қаласындағы EcoLabs Energy Innovation Center компаниясының Cleantech бағдарламасының менеджері.
2022–2023 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инновация және білімді басқару бөлімінің басшысы.
2023–2024 жылдары – «Халықаралық жасыл технологиялар орталығы» КЕАҚ-ның жасыл технологиялар департаментінің директоры.
2023–2026 жылдары – Сингапур қаласындағы SunGreenH2 Pte Ltd компаниясының вице-президенті.
2026 жылы осы тағайындауға дейін – «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Стратегиялық инвестициялық жобалар бойынша кеңесшісі қызметін атқарды.
Осыған дейін Назгүл Хатепованың ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалғаны туралы жаздық.