– Бүгін Теміртау қаласының әкімі ретіндегі жұмысымды аяқтап отырмын. Әрбір теміртаулыққа бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы және ашық диалогы үшін ерекше алғысымды білдіремін. Осындай ашық қарым-қатынас нақты мәселелерді көріп, оларды бірлесіп шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік берді, – деп жазды Ғалым Әшімов.
Ол Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына қызмет етуді үлкен мәртебе санайтынын атап өтті.
– Алда қандай қызметтер күтіп тұрса да, жүрегімнің бір бөлшегі – металлургтер қаласында, қайсар жандар мен ерекше мінездің мекені болған Теміртауда қалады. Теміртаудың игілігі жолында бірге еңбек етіп, қаланың дамуына өз үлесін қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, – деді ол.
Сондай-ақ Ғалым Әшімов Теміртау қаласына бейбітшілік, тұрақтылық, өсіп-өркендеу және жаңа жетістіктер тілеп, тұрғындарға өзіне көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды.