Теміртауда 6 жасар бала алтыншы қабаттан құлап мерт болды
12:02, 31 Шілде 2024
ТЕМІРТАУ. KAZINFORM — Төтенше жағдай министрлігі Теміртауда алты жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткенін хабарлады.
Бүгін таңертең ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.
Бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.
Бала көпқабатты үйдің терезесінен құламас үшін мына сақтық шараларын ескерген жөн:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
- Бала бар пәтер терезесін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз
- Баланың өзі ашып алмас үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз
- Ешқашан москит торын қолданбаңыз, балалар оған сүйеніп құлайды.
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермес үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.