Теміртауда дүкенде жарылыс болып, бір адам үйінді астынан шығарылды

Фото: Фото: ТЖМ

ТЕМІРТАУ. KAZINFORM — Бүгін таңғы 08:06 кезінде Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Дүкен қирап, өртенген. 

Тексеру және барлау барысында үйінді астында қалғандардың орналасқан жері анықталды. 

Үйіндіні бөлшектеп жатыр.

Бұл жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды.

23 адам, 5 техника оқиға орнына бара жатыр. 

Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды. Жағдайы нақтыланып жатыр.

Оның сөзінен үйінді астында ер адам бар екені белгілі болды.

Жұмыс жалғасып жатыр. 

ТЖМ сағат 09:08 кезінде өрт оқшауланғанын хабарлады. 

Фото: ТЖМ