Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған. Полицияға екі адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.
Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамның жеке басын анықтаған. Ол марқұмдардың 20 жастағы ұлы болып шықты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Тараз қаласында 24 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен азамат ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.