Теміртаудағы газ жарылысы: апаттың болжалды себебі айтылды

ТЕМІРТАУ. KAZINFORM — Теміртау қаласындағы дүкенде болған жарылыстың болжалды себебі айтылды. 

Фото: Вечерняя Караганда

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті нақтылаған деректерге сәйкес, жарылыс болған жерде үйінділерді аршу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Атап айтқанда, аршу кезінде гараждан автокөліктер табылған, олардың біреуінде газ жабдықтары болған. Құтқарушылар жәбірленушінің айғақтарына сүйене отырып, жертөледе болған автокөліктің ақаулы газ жабдығы жарылысқа себеп болуы мүмкін екені айтылды. 

«1993 жылы туған жәбірленушінің дүкенге кіріп, оттық сатып алып, оны тексеру мақсатында тұтатқаны анықталды. Осы уақытта 2-3 секунд ішінде жарылыс болып, қабырғалар құлаған. Осыған байланысты газ-ауа қоспасы жарылған деген нұсқа қарастырылып отыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.

ҚР ҚК 292-бабы, 2-бөлігі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 8:06-да Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылды. Құтқарушылар үйінділердің астынан 1973 жылы туған әйелдің денесін тапты. Белгілі болғандай, марқұм дүкен сатушысы болған. Тағы бір әйел үйінділердің астынан шығарылды, ол ауруханада жатыр.