Теміржол: Қазақстан мемлекетаралық желіні қалай дамытып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті теміржол саласында мемлекетаралық желіні дамытуға қатысты түсінік берді.
— Соңғы жылдары Ресей мен Өзбекстан арасындағы өткізу қабілеттілігін арттыру толығымен шешілді. Мысалы, Сарыағаш пунктінде 24 пойыздан 35 пойызға дейін көтерілді. Шілдеден бастап Қытай бағыты бойынша «Достық — Мойынты» желісінде қосымша пойыздар бағыты басталды. Осылайша, теміржол халықаралық пункттерінің мәселесі шешілген. Қазақстан Темір Жолы отандық бизнестің экспорт-импорт сұранысын толығымен орындауға міндетті. Болашақта өткізу қабілетін 296 млн тоннаға жеткізіп, осы көрсеткішті 76 пайызға арттырамыз, — деді Н. Сауранбаев Үкімет отырысында.
Бұдан бөлек ол локомотивтер мәселесіне тоқталды. Қазір локомотивтер паркін 1 мың 967-ге жетті. Жаңарту бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін жалпы 456 локомотив сатып алу жоспарланған. Локомотивтерді жеткізушілер — қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы.
— АҚШ-тың Wabtec компаниясының анализі бойынша, Қазақстанда қазір жүрген локомотивтер — заманауи және тиімді, олар болашақ тасымал талаптарына толық сәйкес келеді, — деді министр.
Бұған дейін жаңа теміржол желілерінің құрылысына 12,8 мыңнан астам адам тартылғанын жазған едік.