«Теміржолдан адам мәйіті табылды»: ҚТЖ Қайрат – Байсерке аралығындағы оқиғаға түсініктеме берді
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қайрат – Байсерке аралығындағы оқиға қалай болғанын хабарлады.
Компания мәліметінше, теміржолдан адам мәйіті табылған. Сол кезде пойыз шұғыл тоқтады.
- 2025 жылғы 7 мамырда сағат 20.52 – де Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның теміржолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Оқиға құқық қорғау органдарымен бірлесіп, белгіленген тәртіппен тексеріліп жатыр
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ пойыздар қозғалысы аймағында бөгде адамдардың болуына жол берілмейтінін еске салады, - деді компаниядан.
Айта кетейік, ҚТЖ теміржол өткелдерінде жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға ниетті.