— Мемлекет басшысының қолдауымен теміржолшылар тұрақтамайтын және маман тапшы өңірлердегі жұмысшыларды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды. Шарттары өте жеңіл. Ипотеканың жылдық сыйақысы 4 пайыз болады. Ешқандай алғашқы жарна салудың қажет жоқ. Мерзімі 16 жылға дейін. Бірінші кезеңде 534 отбасыны осы ипотекамен қамтуды жоспарлап отырмыз. Қолданысқа берілетін баспана ҚТЖ-ның өндіріс аумақтарына көрші аудандарда салынды. Мектеп пен балабақшада жаяу баратын жерде тұр, — деді ҚТЖ басшысы.
Аталған бағдарлама Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларында іске асырылады.
— Басқа өңірлерді де пысықтап жатырмыз, — деді Талғат Алдыбергенов.
Бұған дейін 2030 жылға дейін елдің теміржол инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд доллар инвестиция салынатынын жазған едік. Бұл ҚТЖ-ның қазіргі жалпы қарызымен шамалас сома. Соңғы деректер бойынша ұлттық теміржол компаниясының жалпы қарызы 4,7 трлн теңгеден асқан.