Тенерифе жағалауында улы теңіз организмдері анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Тенерифе аралының солтүстік жағалауында португалдық «кемешелер» деп аталатын улы теңіз организмдері тіркелді, деп хабарлайды BILD
Ұзын қармалауыштары бар бұл жәндіктер қатты күйік тудыруы мүмкін.
Билік бірқатар жағажайды шұғыл түрде жауып, демалушыларға қауіп туралы ескерту жасады.
Аралдың солтүстігіндегі Гарачико муниципалитеті өз акваториясында қауіпті организмдердің табылғанын хабарлап, уақытша суға түспеуге кеңес берді.
Сондай-ақ Санта-Крус-де-Тенерифе қаласындағы танымал жағажай да бақылауға алынған.
Әлсіз ағыс салдарынан бұл организмдер жағалауға жақын жерде ұзақ уақыт тұрақтап қалуы мүмкін.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, осындай «кемешелердің» бірімен жанасқан бір адам қатты ауырсыну салдарынан ауруханаға жеткізілген.
Билік өкілдері қауіпті теңіз организмдері жағалау аймағынан кеткеннен кейін жағажайлар қайта ашылатынын мәлімдеді.
Айта кетелік Маңғыстаулық экологтер аққулардың өліміне қатысты зерттеу нәтижесін жариялады.