«Бірнеше айдан бері теңге бағамы 150,50 теңге көлемінде болды. Ауытқу 30 тиын көлемінде ғана. Ақпанда айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Нығаю кезінде белгілі бір соманы сатып алдық, сосын ол қайта қалпына келді», - дейді Г.Марченко.
Оның айтуынша, ақпанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 150,23-150,88 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 150,37 теңге болды. Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымыша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда қаңтармен салыстырғанда 28,3 пайызға ұлғайып, 4,2 млрд. долларды құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 1,7 пайызға төмендеп 1,7 млрд. доллар болды. Ал жалпы алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 16,2 пайызға ұлғайып 5,8 млрд. долларды құрады.
13:19, 06 Наурыз 2013
Теңге бағамы бірнеше айдан бері тұрақты - Г. Марченко
АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Теңге бағамында көптен бері өзгеріс болған жоқ. Бұл жайлы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда қаржы нарығындағы ахуал туралы өткізген баспасөз мәслихатында айтты.