Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов мәлім етті.
"11-13 ақпан күндері өткізу пунктерінде, атап айтқанда Кеден одағының қазақстандық учаскесінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жинақталып қалуы болған жоқ. Барлық өткізу пунктері осы уақытқа дейін қалай жұмыс істесе, әлі де сол режимде жұмыс істеп жатыр" - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, соңғы күндері тауарларды контрабандалық жолмен әкелудің айтарлықтай өсуі байқалмады. 11-12 ақпан аралығында кеден органдары 7 қылмыстық іс қозғады.