«Ішкі өндіріске ықпал етуге тиісті емес. Егер де біз импорттық өнімге тоқталсақ, бұл өз кезегінде басқа мәселе. Қазақстан бүгінде дизель отынына қажеттілігін 90 пайызға жауып отыр», - деді Р. Қабжанов.
Оның сөзіне қарағанда, егістік жұмыстарынан кейін баға өзгеріске ұшырауы ықтимал.
«Барлығы Қазақстан экономикасына және әлем экономикасына байланысты болады. Егер де экономикада теріс үрдістер байқалмаса, онда баға өзгеруі мүмкін», - деді Рүстем Қабжанов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Қазақстанда дизель отыны не себепті қымбаттағанын түсіндірді.
Отынның қымбаттауы зауыттарда процессинг мөлшерлемесінің артуы есебінен болды. Бұл тұрғыда жанармай өндіру бойынша зауыттардың шығындары жоғарылады. Мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғырту жұмыстарынан кейін, процессинг мөлшерлемесі 15 пайызға артты.
Сонымен қатар дизель отыны бағасының өсуіне енгізілген акциз де ықпал етті. Айта кетейік, 1 маусым мен 1 қараша аралығында Қазақстанда дизель отынының өндірісіне көтеріңкі акциз енгізілген.