«Теңге бағамының өзгеруі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қызметіне банк міндеттемелері мен активтері ұлттық валютамен жүзеге асырылғаннан кейін әсер етпейді», - деп жазылған банктің баспасөз хабарламасында.
Сонымен бірге, банк бағдарламаларының аясында банктік қарыздар (займ) бойынша пайыздық мөлшерлемелер де өзгеріссіз қалады, деп көрсеткен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі». «Банктің барлық мөлшерлемелері мен тарифтері қандай да бір шетелдік валюта мен инфляция деңгейіне қатыссыз белгіленеді», - делінген хабарламада.
Банк мәліметтері бойынша, оның негізі қаланғаннан бері 3,5-5 пайыздық мөлшерлемемен 32 мың қарыз берілген. Сондай-ақ 5-7 пайыздық мөлшерлемемен 7 мыңға жуық, 7,2-10 пайыздық мөлшерлемемен 22 мыңнан астам қарыз берілген. Тұрғын үй заемдары бойынша осы кезге дейін жүзеге асырылып келе жатқан банктің тарифтік бағдарламалары бойынша енгізілген датасынан бері өзгерген жоқ. Аралық заемдар бойынша пайыздық мөлшерлемелер 2013 жылдың 1 қаңтарында 30 пайызға төмендетілді.