Теңге бағамының тұрақтылығы сақталып отыр-Г. Марченко
16:35, 20 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 20 қыркүйек. КазАқпарат - Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, теңге бағамы тұрақты. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның парламенттік фракциясының отырысында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті.
«Әлемдік экономикадағы ахуалға қарамастан қазіргі кезде теңгенің айырбастау бағамы тұрақты күйінде қалуда. Бізде ұлттық валютаның тұрақтылығын бұдан ары қарай да қолдауға мүмкіндік беретін әлеует жетерлік»,-деді ол.
Г. Марченконың сөзіне қарағанда, биыл валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Теңгенің бағамы 1 АҚШ долларына 145,2-147,5 теңге аралығында болды.