Теңге біршама нығайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 тамызда Қазақстан қор биржасының (KASE) таңертеңгілік сессиясында доллардың орташа сараланған бағамы 331,55 теңгені құрады. 4 тамыздағы (334,17/$1) бағамен салыстырғанда ұлттық валюта 2,62 теңгеге нығайды.

Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.

 KASE ақпаратына қарағанда, таңертеңгілік сессияда АҚШ доллары бойынша, есептесуі T 0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,55 (-1,81 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 58 950 мың USD ( 13 150 мың USD) құрады.