Теңге ілу: Қазақстан қоржынына қос алтын түсті

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін теңге ілуден екі кезең өтті. Екеуінде де Қазақстан спортшыларының мерейі үстем болды.

«Бес белес» кезеңінде Бекнұр Серіков алтын иеленді. Екінші орынға моңғол спортшысы Айболат Ұнатқан жайғасса, үздік үштікті қырғыз Әділбек Кенжебекулы иеленді.

Фото: Ұлттық және ат спорты орталығының баспасөз қызметі

Ал қос құлаш бойынша қазақстандық Рахат Қамбаров дара шықты. Моңғол спортшысы Мэлс Наурызбек күміспен күптелсе, қырғыз Асқат Талайбеков қолаға қол жеткізді.

Фото: Ұлттық және ат спорты орталығының баспасөз қызметі

Ертең спортшылар теңге ілудің жеті құт түрінен сайысқа түседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан көкпардан Көшпенділер ойынының чемпионы атанса, Қырғызстан көк бөрі командасы дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атағын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.