Сәуір айының соңына қарай, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы биржалық бағамы бір доллар үшін 327,66 теңгені құрады. Осылайша, бір ай ішінде 4,6 пайызға, ал жыл басынан бері 3,6 пайызға нығайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.
KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялардың көлемі Қазақстан қор биржасында 2016 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 6,8 пайызға төмендеп, 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюта жұбы бойынша операция көлемі 7,5 млрд. АҚШ долларын құрады.