«Қазақстандағы пәтерлер бағасы - экономикамыздың деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Дағдарыс пен доллар бағамының төмендеуіне қарамастан, тұрғын үй бағасы бұрынғыша, қолжетімсіз болып қала бермек. Пәтер сатып алу үшін көп уақыт бойы ақша жинау керек немесе ипотека арқылы алуға болады. Сондықтан пәтерді тиімді бағамен сатып алу және оған артық қаржы жұмсамау үшін бағаның құбылуын бақылап отырған жөн. Қазан айында валюта бағамы нығайып, екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы баға біршама төмендеді. Астанада теңгемен белгіленген баға бір жарым, екі пайызға арзандап, Алматыда ол екі жарым есеге, өңірлерде бір жарым есеге жетті»,-деді Инна Фролова.
Оның сөзінше, екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы ұсыныстар сұраныстан 2-3 есеге көп. Алайда, бірінші деңгейдегі тұрғын үй нарығы екінші деңгейдегі нарыққа қысым көрсетіп, бағаны төмендетуге итермелеуде. Бағаның төмендеуі саудагерлерді жалға беру нарығына тарта түсуде. Тұрғын үйді жалға алу аясындағы ұсыныстардың артуы пәтерлердің пішіні мен орналасқан жеріне байланысты өзгеріп отыратын ставкалардың төмендеуіне ықпал етті.
20:40, 29 Қараша 2016
Теңгенің нығаюы екінші деңгейлі тұрғын үй бағасымен байланысты - сарапшылар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңге бағамының нығаюы екінші деңгейлі тұрғын үй бағасының төмендеуіне ықпал етеді. Бұл туралы «Смарт-Риэлтер» элиталы тұрғын үй агенттігінің директоры Инна Фролова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады.