«Екі күн бұрын Tengri Travelsystem туроператорының басшысына қатысты «Алаяқтық» бабымен тергеу амалдары басталып кетті. Әзірге қандай да бір процессуалдық әрекеттер бойынша ақпарат жоқ», - деді Т.Дүйсенғалиев.
Сондай-ақ ол қазіргі кезде шетелде жүрген туристер туралы хабарлады.
«Бүгінде елден ешкім шығарылған жоқ. Біздегі мәліметтер бойынша, Түркияда тағы 500-ден астам адам болса, Чехияда 41 азаматымыз жүр. Travelsystem - бас құрылтайшысы Хван мырза болып табылатын Travelsystem-нің еншілес компаниясы. Осы жерде қиындықтар туындады, себебі ол чехиялық әуе желілерінің ресми өкілі болған, олармен байланысып, біздің азаматтарымызды елге шақырту үшін уақыт қажет болды. Қазіргі кезде проблемалар жоқ, Елшілікпен үнемі байланыстамыз», - деп атап өтті Тимур Дүйсенғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, 3 маусым күні Tengri Travelsystem компаниясы өз қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлады.