Теңіз арыстаны баланы су астына сүйреп әкетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет желісінде теңіз арыстанының кішкентай қызға шабуылы жарияланды. Оқиға Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орын алды.

Судан шыққан жыртқыш әп-сәтте қызды бас салып судың астына сүйреп әкеткен. Отбасы мүшелері мен өтіп бара жатқан жұрт көмекке келіп, бүлдіршінді аман алып қалды.

Жалма-жан оның артынан суға секірген ер адам  қызды алдымен жағада тұрғандарға беріп, артынша олардың көмегімен өзі де шықты.