Қазақстандық «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кеме экипажы күміс медальдар жиынтығымен марапатталып, «БЛ-680» шапшаң жүзетін қайығын иеленді. Ал алтын медальмен наградталған ресейлік командаға қызметтік-көшпелі катер, Әзербайжан ӘТК тобына қола медаль және дайвингке арналған жабдықтарға тапсырылды.
Сонымен қатар РФ Әскери-теңіз флоты бас қолбасшысының орынбасары вице-адмирал Виктор Федотенков Қазақстанның, Ресей мен Әзербайжанның ӘТК кемелерінің командирлерін аттары жазылған құттықтау тақталарымен және бағалы сыйлықтармен наградтады.
«Жүлделі орындар берілгеніне қарамастан, барлық кеме экипаждары кәсіби біліктіліктері мен жоғары шеберліктерін көрсетті. Каспий маңындағы мемлекеттер - Ресей, Қазақстан және Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығы мығым екенін дәлелдеді», - деп атап өтті байқау басшысы вице-адмирал Виктор Кочемазов.
Сонымен қатар, қазақстандық, ресейлік және қытайлық теңіз әскерлерінен құралған топтардың капитандары Өркеш Мұқат, Радик Якубов және Чэнь Вайчжао жоғары марапатқа лайықты деп танылды.
Естеріңізге сала кетсек, «Каспий кубогы» байқауы Ресейге қарайтын теңіз полигонында арнайы жабдықталған Каспий суы айдынында өтті. Бұл жерде теңіз ептілігі бойынша Қазақстандық әскери теңізшілер «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесімен, Ресей - «Град-Свияжск» артиллериялық кіші кемесімен және Әзербайжан - «G-124» патрульдік-күзет кемесімен сайысқа түсті. Байқаудың қорытындысы бойынша біздің топ екінші орынды, ресейліктер - бірінші, ал Әзербайжан ӘТК экипаждары үшінші орынды иеленді.