Теңіз дауылы алып кемені аударып кете жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдар  Оңтүстік Африкадағы теңіз дауылы (нақты қай жер екендігі айтылмайды) кезінде алып кеменің төңкерілуге шақ қалған сәтін видеоға түсіріп алған.

 Сұрапыл жел оны екі жағына кезек-кезек  20° қисайтқан. Автомобиль тасымалдауға бейімделген судно бос болғандықтан бұл оқиғаны көргендер оның апатқа ұшырайтындығына сенімді де еді.    

Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталды. Кейінірек кеменің еш жері зақымданбай айлаққа жеткені белгілі болды.