Теңіз қарақшылары финдік компаниядан миллион еуро талап еткен

АСТАНА.  Тамыздың  20-сы.  ҚазАқпарат - «Арктик Си»   кемесінің  ресейлік  экипажы       Кабо-Верде аралдарының  біріне  жеткізілді. Оларды  Мәскеуден барған  ресейлік   тергеушілер күтіп     отыр.

Бұл туралы «Интерфакс»   агенттігі ресейлік  органдардағы   дерек көзге сілтеме  жасап хабарлайды.

Агенттіктің     ақпараты  бойынша   теңізшілер   Ресейдің  Әскери Әуе  күштерінің     ұшағымен   жақын  арада Мәскеуге жеткізіледі.

Теңіз қарақшыларының кемені  босату  үшін 1 миллион еуро талап еткені   мәлім  болып  отыр.   Олар  талапты     кеме  жүгін тасымалдап  бара жатқан    фин компаниясына  қойған.     Шарт орындалмаған  жағдайда,  олар  кемені  жарып  жібереміз деп   қорқытқан.

Ресей Федерациясы Әскери-Теңіз күштерінің «Ладный» кемесінің теңізшілері  «Арктик Си»   кемесін     қарақшылардың  қарауынан  бірде-бір оқсыз    азат еткенін ҚазАқпарат  бұдан бұрын хабарлаған болатын.  Кемені азат  ету  операциясы  кезінде     оны басып алған 8 адам тұтқындалған. Тергеу  барысында анықталғандай,       шілденің 24-інде    швед   аумақтық суларында «Арктик  Си»  кемесіне   бортында  4 Эстония,  2 Латвия,  2  Ресей азаматы  болған   үрлемелі   жедел  қайық  жақындаған.     Олар,  қайықтарының   ақаулы екенін  айтып,  «Арктик Сидің»  бортына көтерілген  және   қарумен  қорқытып,   кемені  өз басқаруларына алған. Осыдан  кейін    кеме   барлық навигациялық    жабдықтарды өшіріп,  басқыншылар    айтқан  бағытпен  Африкаға қарай   бет алған.

 Естеріңізге сала кетейік, «Арктик Си»  кемесі дүйсенбі күні Жасыл  мүйіс  аралдарының маңынан    табылды.   Экипаж  аман-есен.  Фин компаниясына тиесілі  және    Мальта   жалауының астында  жүзіп келген  кеме  осыдан  екі апта  бұрын,  Алжирдің Беджаия  айлағына  бара  жатқан жолда   жоғалып  кеткен  еді.