Кевин Лайонның сөзінше, жоғары және орта буындағы қазақстандық басшылардың үлесі - 86,7 пайыз.
«Негізгі өндіріс пен келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасында жұмыс істейтін істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі - 94,8 пайыз. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50 пайыз еді. Жоғары және орта буындағы қазақстандық басшылардың үлесі басшылық құрамның жалпы санының 86,7 пайызын құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау тұрақты бағдарламасы нәтижесінде анағұрлым жауапты лауазымдарға қызметкерлер көптеп тартылып жатыр»,- дейді ол.
Сонымен қатар, ол 2016 жылы қолға алынған жобалардың аяқталуына байланысты былтыр 20 мыңға жуық жұмысшы жұмыстан босатылғанын айтты.
«Бізде жобаны жүзеге асыруға бірқатар мердігер компания тартылған болатын. Соның аясында олар құрылыс жұмысына адамдарды уақытша қабылдады. Өздеріңіз білесіздер, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ол аяқталғанан кейін жұмысшылар босатылады. Былтыр 20 мыңнан астам адам жұмыстан кетті. Биыл да сонша жұмысшы босатылады. Бірақ мұның жоғарыда айтқан компания жұмысшыларына қатысы жоқ»,- деп түсіндірді ол.
Айтуынша, 1993 жылы негізі қаланған кен орны Атырау облысының тұрғындары мен қызметкерлерін қамтитын әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға 2,7 млрд АҚШ долларын жұмсады.
«Жылдық бюджеті 25 млн АҚШ долларына тең «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылым бойынша ерікті бағдарламасы мен жылына 2,5 млн доллар бөлінетін әлеуметтік инвестиция бағдарламасы арқылы жергілікті тұрғындарды әрі қарай да қолдай бермек»,- деді спикер.
Фото: tengizchevroil.com