Теңіз кен орнын кеңейту жобасына Қазақстанның қатысуы 30%-дан асады - Қ.Бозымбаев

АСТАНА. Қазақпарат - Батыс Қазақстан облысында орналасқан Теңіз кен орнында өндірістік қуаттылықты арттыру жобасындағы қазақстандық үлес 30%-дан асады. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев хабарлады.

«Қазіргі таңда ТШО Теңіз кен орнындағы кей құрылыс жұмыстарын орындауға кірісті. Жобалау, сатып алулар, кеңейту жобасы үшін модульдер дайындау бойынша қызмет көрсетуге көптеген қазақстандық жеткізушілер тартылды.  Жалпы бұл жобаға Қазақстанның қатысуының үлесі 30%-дан асады деп болжанған», - деді ол.

Еске сала кетейік, «Теңізшевройл» ЖШС Батыс Қазақстанда орналасқан Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі сатысы болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлағаны туралы жазылды. ККЖ-ҰЕҚБЖ құны 36,8 млрд. АҚШ долларына бағаланды.

«Жоба серіктестердің қаржысына жүзеге асады, біз жобаны қаржыландыру үшін қолданыстағы ақша айналымын пайдаланамыз, қаржыландырудың бір бөлігі халықаралық несие нарығынан түседі», - деді ТШО бас директоры Тед Этчисон.