Теңіз кен орнынан қазан айында КҚК терминалы арқылы 2,075 млн тонна мұнай жөнелтілген

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қазанында «Каспий құбыр консорциумы-Р» АҚ теңіз терминалында  5 112 867 тонна (40 343 876 баррель) брутто болған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 458 732 тоннаға (10 %)  көп, деп хабарлайды Мәскеудегі ҚазАқпарат тілшісі Каспий құбыр консорциумы-Р» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тиелген 5 112 867 тонна мұнайдың  2 075 707 тоннасы - Теңіз кен орнының, 781 292 тонна - Қарашығанақ кен орнының, 414 477 тонна - Қашаған кен орнының, сондай-ақ 239 433 тонна басқа да қазақстандық өндірушілердің мұнайы. Қазан айында «КҚК-Р» АҚ мұнай өткізу жүйесі бойынша ресейлік жүк жөнелтушілер 601 958 тонна брутто экспорттады», - делінген хабарламада.

КҚК теңіз терминалында қаңтар-қазанда 456 танкер тиелген, оның 48-і - қазанда жіберілген.

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағындағы шетелдік капиталдың қатысуымен энергетика саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новоресей құбырының қашықтығы 1 511 шақырымды құрайды.

КҚК акционерлері: Ресей (Транснефть - 24% және КТК Компани - 7 %) - 31%; Қазақстан (Қазмұнайгаз - 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.