Теңіз кен орнында 4 адам ыстық буға күйіп қалды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Теңізшевройл» ЖШС өндіріс жұмыстарын жүргізетін Теңіз кен орнында 4 адам ыстық буға күйіп қалды.

«Зардап шеккендердің бірі үшінші дәрежелі күйік алды, үшеуінің жарақаты жеңілдеу. Олардың барлығына ТШО клиникасында көмек көрсетілді. Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.