Теңіз кен орнында технологиялық газ ауаға таралды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС-ның Теңіз мұнай-газ кенішінде куәгерлер технологиялық газдың ауаға таралуын бейнежазбаға түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Газдың атмосфераға таралуы сенбі күні болған. Оқиғаны видеоға түсіріп алған куәгерлер әлеуметтік желілерге жүктей бастады. Мұнай әзірлеу жөніндегі қондырғы құбырларының әр тұсынан түсірілген видеода одан түтін секілді ақшыл түсті газдың шығып жатқанын көруге болады.

Бейнежазба зауыттан қашықта түсірілген, онда Теңізде «қызметкерлерді эвакуациялау жүргізілді» деп түсіндіріледі.  

ТШО компаниясының баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне демалыс күніне байланысты, «қажетті ақпарат дүйсенбі күні ұсынылады» деп мәлім етті. 

Автор В.Сутягин

Соңғы жаңалықтар