Теңіз кен орнының экологиялық мониторингі ғарыштан жүргізіледі
16:31, 21 Желтоқсан 2009
АТЫРАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында Теңіз кен орнын игерумен айналысып жатқан «ТеңізШевройл» ЖШС экологиялық мониторингін ғарыштан жүргізетін болады.
Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағанындай, спутниктер арқылы Теңіз аумағында түсірілген суреттерді алу үшін ҚР Ұлттық ғарыштық зерттеу институтымен шарт жасасты. Алынған суреттер кен орнының және «ТеңізШевройл» ЖШС зауыттарының экологиялық мониторингін жүргізу үшін пайдаланылатын болады.