Теңіз кенішінде 100 ұңғыма қазылады
00:18, 08 Қараша 2016
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Теңіз және Корольдік кеніштерін игерумен айналысып жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-ның өкілдері 100 ұңғыма қазуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«100 ұңғыма қазу жоспары енгізілген бұрғылау жұмыстарының бағдарламасы 2022 жылға дейін жоспарланған. Бағдарлама жүзеге асатын болса, мұнай өндіру көлемі 12 млн тоннаға артып, 38-39 млн тоннаға жетеді. Қазіргі таңда кеніште небәрі 130 ұңғыма қазылған. Ал, өндірілген өнім көлемі жылына 26-27 тоннаны құрайды»,-деп хабарлады «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.
Бүгінгі таңда «Теңізшевройл» ЖШС-нің қатысушылары қатарына Chevron (50%) және ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» (20%). Сонымен қатар ресейлік-америкалық СП LUKArco (5%) компаниясы бар. бұл ұжым 1993 жылдан бері жұмыс істейді.