Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше Атырау облысында 58 адамнан қауіпті індеттің табылғаны ПТР арқылы расталған.
«Коронавирус инфекциясына Атырау қаласынан 13, сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшы шалдықты, Ал, Жылыой ауданынан 10, Құрманғазы ауданынан 5 адамда Сovid-19 белгісі анықталды. Науқастардың сегізінде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 9 адам емделіп шықты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Өңірде 229 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Сондай-ақ, облыстық инфекциялық стационарда 49, аудандардағы инфекциялық стационарда 6, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарында 229 пациент ем қабылдауда.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі стационарда 200 науқас емделіп жатқанын жазған едік.