Теңіз кенішінде ауаға зиянды заттар таралды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Теңіз мұнай кенішінде ауаға зиянды заттар таралды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық экология департаментінің хабарламасына сәйкес, 30 мамыр күні сағат 10.00-дер шамасында Жылыой аудандық прокуратурасына Теңіздің вахталық  кентіндегі құбырлардан шыққан  зиянды заттардың  атмосфераға тарап жатқандығы  жайлы хабарлама келіп түскен.  Кен өндіру орнындағы жұмысшылар басқа жерге ауыстырылып, жұмыс уақытша тоқтатылды.