Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Онда Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің аумағында «Toyota Hilux» (пикап) пен «ПАЗ» автобусы соқтығысқаны айтылған.
Жол-көлік оқиғасы куәгерлерінің айтуынша, «Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісін ауруханаға алып кеткен. Сондай-ақ, бұл көліктің моторы жарамсыз болып қалған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында автобус аударылып, 8 адам зардап шеккенін жазған едік.