Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, бүгін Теңіз кенішінің 35 жұмысшысынан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.
«Қауіпті індет табылған жұмысшылардың үшеуі –Үндістанның, біреуі – Филиппиннің азаматы. Жұмысшылардан коронавирус инфекциясы тұрғылықты мекенжайына шығар алдында өткізілген скрининг барысында анықталған. Олардың арасында 34 ер адам, 1 әйел бар. Барлығы да инфекциялық стационарға жатқызылды. Хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, дəрігерлер бақылауына алынды. Инфекция ошақтарына дезинфекция жүргізілуде» -деп хабарлады өңірлік жедел штаб.
Бүгін, 17 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 541 адам тіркелді.