Жылыой ауданындағы Теңіз кеніші індеттің ошағына айналған. Қазір мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Кен орнынан жұмысшыларды шығарудағы мақсат – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау. Сол арқылы қауіпті індеттің таралып кетуіне жол бермедік», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің мәлімдеуінше, Теңіз кен орнынан 18,5 мың жұмысшы тұрғылықты мекенжайына шығарылған.
«Теңіз кен орнында жұмыс тоқтап, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе туындап отырған жоқ. Кеніштегі жұмыс жалғасын табады. Мұндағы ахуал тұрақталған соң жұмысшылар жұмыс орнына оралады», - деді облыс әкімі.