Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар санының көбеюі Жылыой ауданы мен Теңіз кенішінде байқалып отыр.
«Атырау облысында 5 тамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 340 науқас анықталды. Оның ішінде Атырау қаласында 230 адамның қауіпті вирусқа шалдыққаны расталды. Ал, Теңіз кен орнында 28 жұмысшыдан індет белгісі анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 26, Қызылқоғада – 12, Индерде – 11, Исатайда – 11, Құрманғазыда – 11, Махамбетте –6, Мақат ауданында 5 адамнан коронавирус жұқтырды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Қазір 5 333 науқас өз үйінде ем қабылдап жатыр. Теңіз кен орнындағы стационарда – 440, аудандардағы стационарларда – 410, №2 облыстық ауруханада – 200, модульдік ауруханада – 195, теміржол ауруханасында – 108, кардиологиялық орталықта – 105, облыстық ауруханада – 94, фтизиопульманология орталығында 76 науқас емделуде. Сондай-ақ, инфекциялық стационарға айналған жатақханада 108 пациент оқшауланған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирустан 7 мыңға жуық адам емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.