Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавирустен емделіп жатқан науқас жоқ

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысының Теңіз кенішінде ашылған инфекциялық стационарда коронавирустен емделіп жатқан науқас жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте – 22 ақпанда 12 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Науқастар Атырау қаласында, Теңіз кен орны мен Жылыой ауданында тіркеліп отыр.

«Қазір өз үйінде 380, ал, инфекциялық стационарларда 50 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 33, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 14, №2 облыстық ауруханада 3 пациент оқшауланған. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарға емделу үшін науқастар түскен жоқ», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2 360 орындық инфекциялық стационарлардағы жүктеме 2,1%-ды (50 науқас) құрап отыр. Инфекциялық стационарлардың 106 төсек-орынға есептелген жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 9 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 8,5%.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққандар тіркелмегенін жазған болатынбыз.