Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүсйенсек, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталып отыр.
«Қауіпті індетті жұқтырушылардың дені Атырау қаласында тұратын тұрғындар. Ал үш науқас – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Оның ішінде бір науқаста ауру симптомды түрде, қалғандарында симтомсыз өтуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шыққан. Қазір 114 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде 9 адам коронавирус жұқтырған еді.