Теңіз кенішіндегі вахталық кентте қойма өртенді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішіндегі вахталық кентте қойма өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«31 желтоқсанда Теңіз кенішіндегі өндірістік алаңнан тыс вахталық кенттегі мердігерлік мекеменің қоймасы өртенгені белгілі болды. ТШО-ның өрт-авариялық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Ғимараттан барлық қызметкер эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС-ның баспасөз қызметінен.

Өрт туралы тиісті органдарға хабарланған. Қойманың өртену себебін анықтау үшін тексеру жүргізілмек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда өрт сөндірушілер 38 адамды құтқарған болатын.