Теңіз кенішінен жарты жылда 15 млн тоннаға жуық мұнай өндірілді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданында «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы Теңіз кен орнынан жарты жылда 15 млн тоннадай мұнай өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2008жылы ТШО шикі газды айдау жобасын аяқтап, екінші буын зауытын іске қосқан соң,тәуліктік мұнай өндіру көлемі 75 000 тоннаға (600 000 баррель) жетті. Аталғанжобалардың арқасында 2019 жылдың алғашқы жартысында шикі мұнай өндіру көлемі14,96 миллион тонна немесе 119,4 миллион баррельді құрады», - деп мәлімдеді «Теңізшевройл»компаниясының баспасөз қызметі.

Ескесала кетейік, 2018 жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 14,7 млн тонна(117,3 млн баррель) еді.

Теңізколлекторының жалпы барланған қоры 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд баррель),Королев кен орнында - 200 миллион тонна (1,6 млрд баррель). Теңіз және Королевкен орындарынан алынатын мұнай қорлары 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға(7,1 – 10,9 млрд баррель) дейін жетеді. Теңіз кен орны коллекторының ені 20 км(12 миль), ал ұзындығы 21 км (13 миль).

Автор:А.Соколов

Соңғы жаңалықтар