АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентінде бір күнде екі оқыс оқиға орын алды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Кешкі сағат сегіздер шамасында «Атырау-Жарық» АҚ кезекші электршсі - 40 жастағы ер адамды тоқ ұрған. Қолын күйік шалған ол жедел жәрдеммен Құлсары қаласының ауруханасына жатқызылды», - делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осы оқиғадан бір жарым сағат өткеннен кейін, тағы бір электршінің басына шатыр құлаған. Ауыр жарақаттың салдарынан ол сол орында тіл тартпай кетті.
14:41, 16 Мамыр 2017
Теңіз кентінде бір электрші қаза болып, екіншісі жапа шекті
Теңіз кентінде бір электрші қаза болып, екіншісі жапа шекті