Бұл ақпаратты аталған қауымдастықтың баспасөз қызметі таратып отыр.
Алқалы жиынға қатысушылар отандық теңіз көлігінің өзекті мәселелерін талқыға салмақ. Атай айтқанда, Қазақстандағы теңіз сауда жолын реттеудің негізгі сипаттары, еліміздегі теңіз көлігінің қазіргі заманғы дамуы, Қазақстан үшін теңіз көлігін дамытудың маңыздылығы, теңіз көлігі қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру сияқты мәселер қозғалады.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың мүшелері, теңіз көлігі саласындағы танымал халықаралық сарапшылар, сондай-ақ кеме және көлік компанияларының өкілдері қатысады.