Сегізаяқ бірнеше рет теңіз шаянына шабуыл жасады. Ол қышқаштай аяқтарымен қорғанып, құтылмаққа әрекеттеніп бақты. Қарсыластар су астындағы құмды бұрқырата бірі қашып, бірі қуып жатқан сәтте ғайыптан итбалық шыға келіп, сегізаяқты бір-ақ қылғытты.
«Су астындағы саяхатта бізге осы итбалық жиі еріп жүреді. Ол біздің балық аулағанда қолданатын шамымыздың жарығын пайдалануды да үйренген. Бұл жолы да бізбен бірге жүзіп жүрген болатын, бірақ аяқ астынан жоқ болып кетті. Біз су түбінде ұлы айқасты көрдік және итбалық келгенше түсірдік»,- дейді ролик авторы.