«Теңiз Шевройл» компаниясындағы қазақстандық үлес 40 пайызға жеткiзiледi - Ә.Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Теңiз Шевройл" компаниясындағы қазақстандық үлес 40 пайызға жеткiзiледi. Бұл туралы бүгiн ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлiм еттi.

"ТШО iрi компаниялар iшiнде осындай үлкен көлемдi әрiптестiкке қол жеткiзiп отырған алғашқы компания. Бiз ҚР Үкiметiнiң тапсырмасымен меморандумға қол қойдық. Жалпы бiз қазақстандық үлестi 44 пайызға дейiн жеткiзуiмiз керек, бұл өте үлкен мақсат", - деп атап өттi ол министрлiкте өткен отырыста.

Оның мәлiметiне қарағанда, ТШО жоба бойынша толыққанды ақпарат ұсынды. Мәлiметтер базасына 600-ге тарта қазақстандық компания енгiзiлген.