«3500 тоннаға дейін жүк көтере алатын кран Теңіздегі құрылыс алаңында жиналды. Ол жерде дәл қазір мұнай өңдеу бойынша жаңа зауыт салынып жатыр. Бұл - бүгінде әлемдегі ең үлкен кран болып тұр. Салмағы - 600 тонна, оны жинау үшін қосымша 7 кран қажет болды. Ал құлап кетпес үшін әрқайсысы 100 тонналық теңгергішті пайдаландық», - дейді «Теңізшевройл» ЖШС Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас директоры Рзабек Артығалиев.
Еске салайық, 2022 жылы Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жоба аяқталған кезде мұнай өндіру ісі жылына 27-ден 39 миллионға артады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта Теңіз кен орнын кеңейтумен 100 мың адам айналысып жатыр.