«Жексенбі күні түстен кейін Жылыой ауданы Теңіз вахталық ауылындағы жатақханалардың бірінде өрт шықты. Ол жерден 71 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың барлығы - сонда тұрып жатқан вахталық жұмысшылар. Өкінішке қарай, екі адам жапа шегіп, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, олар өрттен қашамыз деп екінші қабаттан секірген», - деп хабарлайды Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Әлеуметтік желіде оқиға куәгері болғандардың айтуынша, 500 шаршы метр аумақты алып жатқан жатақхана ғимараты түгі қалмай жанып кеткен.