«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Орал қаласыныңтөрт тұрғыны ЖИТС жұқтырғаны туралы ақпарат тарады. Олардың барлығы да «Теңізшевройл»компаниясының Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген деген ақпаратбар. Қазіргі таңда вирус жұтырған 4 адамның екеуі ғана Теңізде болғаныанықталды. Бұл жағдай бойынша Теңізде жұмыс істейтін медицина мамандарыныңқатысуымен эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі», - деді ЖИТС пен АИТВинфекцияларының алдын алу орталығының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.
Осы кезде облыста вирус жұқтырғандар саны 21 адам. Жылбасынан бері тамыз айына дейін 18 адам науқастанған.