Сарапшылардың айтуынша, бұл - XIX ғасырда қолданылған бомба.
Utro.ru-дың хабарлауынша, ауға түскен бөшкенің жарылғыш зат екені бірден белгілі болмаған. РФ Көліктегі ішкі істер министрлігінің батыс аймақтық басқармасының мамандары оның ішіндегі қошқыл сары түсті затқа арнайы сараптама жүргізген. Соның нәтижесінде бөшкенің тротилге толы екені анықталды. Ал оның шығарылған уақыты - XIX ғасырдың ортасы, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Мамандар көне жарылғыш затқа тарихи жәдігер деп қараған жоқ, оны залалсыздандыру керек деп шешті.