Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан KIOGE-2010 конференциясы барысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
Министрдің айтуынша, ТШО - табысты компания. «Оның өткен жобаларының бәрі табысты түрде жүзеге асырылды. Мен шикі газды сору зауытын меңзеп отырмын. Өндіріс көлемі де тұрақты түрде өсуде. ТШО болашақта компанияны ұлғайтуға арналған жаңа жоба дайындауда. Әзірше бұл туралы хабарлаған жоқ, бірақ 2011 жылы министрлікке бұл бойынша арнайы құжатты ұсынбақ» деді С.Мыңбаев.